Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, 070004, Өскемен қ., Протозанов көшесі, 69, телефоны 8 (747) 132 73 86,  бос қызмет орындарына орналасу конкурсы туралы хабарлайды:

1. Факультет декандарының орынбасарлары:

  • «Өскемен халықаралық жоғары техникалық мектебі»-1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылыми дәреженің, ғылыми-педагогтік қызметтегі жұмыс өтілінің кем дегенде 5 жыл болуы. Ғылыми дәреже болмаған кезде, мамандық (қызмет бейіні) бойынша іс-тәжірибелік жұмыс өтілі кем дегенде 7 жыл, соның ішінде басшы лауазымында – кем дегенде 3 жыл болу керек. Білім менеджменті бойынша біліктілікті жетілдіру курсын өту туралы сертификатының (куәлік) болуы. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу.

2. Кафедра меңгерушілері:

  • «Рухани жаңғыру» кафедрасы -1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылыми дәреженің, педагог жұмыскер лауазымындағы немесе мамандық бойынша жұмыс өтілінің кем дегенде 3 жыл болуы.  Ғылыми дәреже болмаған кезде, мамандық бойынша іс-тәжірибелік жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл, соның ішінде басшы лауазымында – кем дегенде 3 жыл болу керек. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу.

3. Мектеп/факультет/кафедра профессорлары:

  • Энергетика факультеті-1
  • «Аспапжасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасы-1
  • «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы-1 (магистранттар мен докторанттарға жетекшілік етуге қойлатын талаптарға сәйкестілігі)
  • «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасы-1 (магистранттар мен докторанттарға жетекшілік етуге қойылатын талаптарға сәйкестілігі )

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылыми дәреженің, "қауымдастырылған профессор (доцент)"  ғылыми атағының және ғылыми-педагогтік қызметтегі жұмыс өтілінің кем дегенде 5 жыл болуы.  БҒСБК Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атағын тағайындау ережесінің 5-тармағы талаптарына сәйкес «Профессор» ғылыми атағын тағайындауға қойылатын талаптардың 50% орындау. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу, «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына сәйкес.

4. Мектеп/факультет/кафедра доценттері:

  • «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы-2 (1-ағылшын тілін білу туралы сертификатының болуы)
  • «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы-1(магистранттар мен бакалаврларға жетекшілік етуге қойлатын талаптарға сәйкестілігі)
  • «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы-2 (магистранттар мен бакалаврларға жетекшілік етуге қойлатын талаптарға сәйкестілігі)
  • Бизнес және кәсіпкерлік мектебі-2 (мемлекеттік тілде)
  • «Машинажасау» кафедрасы -2
  • «Су және орман ресурстары» кафедрасы-1
  • Энергетика факультеті-3
  • «Шетел тілдері» кафедрасы -3
  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы -2
  • «Аспапжасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасы-1
  • «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы-1 (магистранттар мен бакалаврларға жетекшілік етуге қойлатын талаптарға сәйкестілігі біліктілік)
  • «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасы -2 (1-магистранттар мен бакалаврларға жетекшілік етуге қойлатын талаптарға сәйкестілігі, 1-ғылыми дәрежесінің, ағылшын тілін білу туралы сертификатының болуы)
  • Сәулет-құрылыс факультеті-3 (1-Білім беру бағдарламасының пәндері бойынша – «Автомобиль жолдары», мемлекеттік тілде, 1-Білім беру бағдарламасының пәндері бойынша – «Құрылыс материалдарын, бұймдарын және құрылымдарын өндіру», мемлекеттік тілде, 1-Білім бағдарламасының пәндері бойынша – «Құрылыс», мемлекеттік тілде)

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылыми дәреженің, ғылыми-педагогтік қызметтегі жұмыс өтілінің кем дегенде 5 жыл болуы. БҒСБК Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атағын тағайындау ережесінің 4-тармағы талаптарына сәйкес «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын тағайындауға қойылатын талаптардың 50% орындау. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу, «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына сәйкес.

5. Мектептің/факультеттің/кафедраның аға оқытушылары:

  • «Геология және кен ісі» кафедрасы-1
  • «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы-2 (о.і.1-ағылшын тілін білу туралы сертификатының болуы)
  • «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы-1 (ағылшын тілін білу туралы сертификатының болуы)
  • «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы-2 (ағылшын тілін білу туралы сертификатының болуы)
  • Бизнес және кәсіпкерлік мектебі- 1 (мемлекеттік тілде)
  • «Машинажасау» кафедрасы-2
  • «Су және орман ресурстары» кафедрасы-1
  • Энергетика факультеті-5
  • «Шетел тілдері» кафедрасы-1
  • «Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасы -3
  • «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы-2 (о.і. 1- орыс тілі және әдебиет)
  • «Аспапжасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасы-2
  • «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы-2
  • «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасы-1 (ағылшын тілін білу туралы сертификатының болуы)
  • Сәулет-құрылыс факультеті-5 (1-Білім беру бағдарламасының пәндері – «Архитектура», ағылшын тілін білу сертификатының болуы, және/немесе мемлекеттік тілде, 1-Білім беру бағдарламасының пәндері – «Құрылыс», мемлекеттік тілде, 1-Білім беру бағдарламасының пәндері- «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)» (мемлекеттік тілде), 2-Білім беру бағдарламасының пәндері- «Дизайн» (мемлекеттік тілде))

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің,  ғылыми-педагогтік қызметтегі жұмыс өтілінің кем дегенде 3 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында – кем дегенде 1 жыл болуы, және де төмендегідей  бір талаптың орындалуы:
    - ғылыми  дәреженің болуы;
    - немесе PhD докторантурада оқуды аяқтау (2 жыл бұрын) және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 1 мақаланың,  ҚР БҒМ-мен ұсынылған ғылыми басылымдарда 2  мақаланың шығуы (журналдар PhD докторы дәрежесін тағайындау тәртібіне орай нақтыланады);
    - немесе ҚР БҒМ-мен ұсынылған оқулықтың, немесе РОӘК-мен ұсынылған жеке оқу құралының  болуы;
    - немесе ағылшын тілін В2 және одан жоғары  деңгейде білу, білімі IELTS, TOEFL халықаралық  сертификаттарымен немесе алыс шетел университетінің магистрі дипломымен (ағылшын тілінде білім алу) расталған болу керек.
  2. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің,  мамандық (қызмет бейіні) бойынша іс-тәжірибелік жұмыс өтілінің кем дегенде 5 жыл болуы.

6. Мектептің/факультеттің/кафедраның оқытушылары:

  • «Геология және кен ісі» кафедрасы-1
  • «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы-1
  • Бизнес және кәсіпкерлік мектебі- 2 ( о.і. 1-мемлекеттік тілде)
  • Энергетика факультеті-3
  • «Шетел тілдері» кафедрасы-2
  • «Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасы-2
  • «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы-1
  • «Аспапжасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасы-1
  • «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы-2

Біліктілікке қойылатын талаптар: Мамандық бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл болып, жоғары білімнің болуы және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.

7. Аға ғылыми қызметкерлер:

  • «Рухани Жаңғыру» кафедрасы-1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің кем дегенде 10 жыл болуы, ғылыми еңбектердің немесе өнертабысқа берілген авторлық куәліктердің болуы. Ғылыми дәрежесі болған кезде,  жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл болу керек. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу.

8. Ғылыми қызметкерлер:

  • «Рухани Жаңғыру» кафедрасы-1

Біліктілікке қойылатын талаптар:Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің кем дегенде 5 жыл болуы, өнертабысқа берілген авторлық куәліктердің немесе ғылыми еңбектердің болуы. Ғылыми дәрежесі болған кезде, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу.

9. Высший ІТ-колледж:

  • Дене шынықтыру оқытушысы-1
  • Металлургия бойынша арнайы пәндер оқытушысы -1
  • Көліктегі тасымалдау мен қозғалысты ұйымдастыру бойынша арнайы пәндер оқытушысы-1
  • Пайдалы қазбаларды байыту (кеңді байыту) бойынша арнайы пәндер оқытушысы-1
  • Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану бойынша арнайы пәндер оқытушысы-1
  • Өндіріс экономикасы және оны басқару (бағыттар бойынша: машинажасау, құрылыс, көлік қозғалысын ұйымдастыру) арнайы пәндер оқытушысы -1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғарғы білім болған кезде еңбек өтіліне талаптар қойылмайды немесе еңбек өтілі бағдар бойынша кемінде 3 жыл, сонымен қатар университетте 1 жыл болуы.

  • Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғарғы білім және еңбек өтілі педагогикалық басшы лауызымдарында немесе ұйымдар, бейіндік бағдарына сәйкес білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл болуы.

Келесі білім бағдарламары бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы (ағылшын тілінде оқыту үшін):
  
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы ағылшын тілінде:

  1. Виртуалды және толықтырылған шыңдық (Computer science with specialization in virtual and augmented reality)
  2. Түсті және сирек металлдар металургиясы (Advanced engineering materials with specialization in rare and non-ferrous metals)
  3. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау (Geology with specialization in mineral exploration)

Магистратураның білім беру бағдарламасы ағылшын тілінде:

  1. Компьютерлік жүйелер мен өзара әрекеттесуінің интерфейстері (Computer Science with specialization in Human-Computer interfaces)
  2. Сандық технологиялардың қолдануымен Жерді қашықтықтан зерттеу әдістері (Remote sensing with digital technology)
  3. Нақты егін шаруашылығы (Precision farming)
  4. Маркетингтік форсайт (Marketing)
  5. Аддитивті технологиялар (Manufacturing engineering with specialization in additive technologies)
  6. Машинажасау (Mechanical engineering)
  7. Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері (Data security mathematical methods)

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар ректордың атына (еркін түрде жазылған) өтініш береді.

Өтінішке қоса төмендегідей құжаттар беріледі:

  1. кадрлар бөлімінің бастығымен расталған кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парақ;
  2. төлқұжат немесе жеке куәліктің көшірмесі, өмірбаян;
  3. жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары;
  4. қайта даярлау және біктілікті жетілдіру сертификаттарының көшірмелері (болған жағдайда);
  5. кафедра меңгерушісімен, деканмен және Университеттің ғылыми хатшысымен расталған ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
  6. № 086 нысанындағы медициналық анықтама.
  7. қылмыстық құқықбұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама;
  8. профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электронды түрде, көлемі   10 слайдтан артық емес);
  9. конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  10. конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімін, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдарын және т.с.с) ұсынуға құқылы.

Бос қызмет орындарына орналасу конкурсына өтініштер қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Жоғарыда аталған құжаттарды «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлкеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлерді іріктеу және дамыту бөліміне белгіленген мерзімде тапсыру қажет, телефоны: 8-747-132-73-86 (301-кабинет).

https://pdf.egemen.kz/pdfs/2019/07/25082019.pdf