Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 070004, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, телефон: 8 (7232) 55-28-50, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Мектеп деканы:
- Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 1 орын.
Біліктілік талаптары:
- Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің, PhD (философия докторы) дәрежесінің немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы.
- Білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе тиісті даярлау бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
- Жалпыеуропалық шет тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес халықаралық сертификатпен расталған В2 деңгейінен төмен емес шет тілін меңгеруі.
- Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын сертификатының (куәлігінің) болуы. Көрсетілген талаптардың біреуі орындалмаған жағдайда, шешім конкурс комиссиясымен қабылданады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректорының атына өтініш береді.
2. Мектеп деканының орынбасары:
- Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 1 орын.
Біліктілік талаптары:
- Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің, PhD (философия докторы) дәрежесінің немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы.
- Ғылыми дәрежесі болмаған жағдайда, тиісті даярлау бағыты бойынша кемінде 7 жыл практикалық жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
- Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілінің кемінде 5 жыл болуы.
Жалпыеуропалық шет тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес халықаралық сертификатпен расталған В1 деңгейінен төмен емес шет тілін меңгеруі. - Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын сертификатының (куәлігінің) болуы. Көрсетілген талаптардың біреуі орындалмаған жағдайда, шешім конкурс комиссиясымен қабылданады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректорының атына өтініш береді.
3. Профессор (мемлекеттік тілді білуі міндетті)
- Жер туралы ғылымдар мектебі – 1 орын; -Білім беру бағдарламасы: Тау-кен ісі.
Біліктілік талаптары:
- Тиісті даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы.
- Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы.
- Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.
- Қызмет бағыты бойынша маңызды ғылыми жарияланымдарының (оның ішінде рецензияланатын ғылыми басылымдарда), оқулықтарының, оқу құралдарының және басқа да оқу-әдістемелік әзірлемелерінің болуы.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету, магистранттар мен докторанттарды даярлау тәжірибесінің болуы.
- Заманауи білім беру технологияларын, оқыту әдістемелерін және цифрлық білім беру құралдарын меңгеруі, ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарына қатысуы.
- Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі керек.
4. Қауымдастырылған профессор (мемлекеттік тілді білуі міндетті)
- Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі – 2 орын; Білім беру бағдарламалары: Электр энергетикасы, Сәулет және дизайн.
- Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 1 орын; Білім беру бағдарламасы: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.
- Жер туралы ғылымдар мектебі – 5 орын; -Білім беру бағдарламалары: Тау-кен ісі, Геодезия және картография, Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау, Орман ресурстары және орман шаруашылығы, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
Біліктілік талаптары:
- Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің, не PhD (философия докторы) дәрежесінің немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы.
- «Қауымдастырылған профессор» (КОКСНВО) немесе «доцент» (ЖАК) ғылыми атағының болуы.
- Жалпыеуропалық шет тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес халықаралық сертификатпен расталған В2 деңгейінен төмен емес шет тілін меңгеруі.
- Соңғы 3 жыл ішінде оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес біліктілікті арттыру туралы сертификатының болуы.
- Мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
5. Аға оқытушы (мемлекеттік тілді білуі міндетті)
- Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі – 1 орын, Білім беру бағдарламасы: Электр энергетикасы.
- Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 4 орын, -Білім беру бағдарламалары: Ақпараттық технологиялар, Автоматтандыру және басқару, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.
- Жер туралы ғылымдар мектебі – 1 орын, Білім беру бағдарламасы: Геодезия және картография.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Тиісті даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;
- Магистр дәрежесінің немесе PhD (философия докторы) дәрежесінің, немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің, не ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы;
- Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, әдетте, кемінде 3 жыл болуы;
- Қызмет бағыты бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелер мен ғылыми жарияланымдарының болуы;
- Заманауи білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен цифрлық құралдарды меңгеруі; ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарына қатысуы.
6. Оқытушы (мемлекеттік тілді білуі міндетті)
- Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі – 1 орын, Білім беру бағдарламасы: Сәулет және дизайн.
- Жер туралы ғылымдар мектебі – 3 орын, Білім беру бағдарламалары: Тау-кен ісі, Геодезия және картография, Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Тиісті даярлау бағыты бойынша жоғары (мамандық) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;
- Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы;
- Соңғы 5 жыл ішінде төмендегі талаптардың кемінде біреуін орындауы:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған екі ғылыми мақаласының болуы;
- Өнертабысқа патентінің немесе авторлық куәлігінің болуы;
- Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралының немесе оқулығының болуы;
- Соңғы 3 жыл ішінде оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес біліктілікті арттыру туралы сертификатының (куәлігінің) болуы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Университет ректорының атына өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
- жоғары білім туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежені растайтын құжаттардың, ғылыми атақ туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (бар болған жағдайда) көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
- соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда), кафедра меңгерушісі, декан және Университеттің ғылыми хатшысы куәландырған;
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- құжаттарды тапсырған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген №075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берген тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- құжаттарды тапсырған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- құжаттарды тапсырған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны немесе жасамағаны туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Персоналды іріктеу және дамыту бөліміне ұсынылуы тиіс.
Мекенжайы: 070004, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, ГЛ-203 кабинеті.
Байланыс телефоны: 8 (7232) 26-29-11 (ішкі нөмірі 145).