2020 жылдың 7 желтоқсанынан бастап бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттері үшін  Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасына оқуға қабылдау (құжат қабылдау) басталады.

Әскери кафедраға қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • Өтініш.
  • Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
  • Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі).
  • Көлемі 3х4 см екі фотосурет.
  • Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
  • Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
  • Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.

Әскери кафедра мекен-жайы: Әміре Қашаубаев көшесі (бұрынғы Дзержинский) 7/2, №17 каб.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 765-751

2021 ж. қабылдау бойынша ақпаратты жеткізу үшін ПОҚ Жаднама