2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледжті бітіріп, «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ және Қазақстан-Американдық еркін университетіне түскен студенттер үшін «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ әскери кафедрасына келесі санаттағы студенттер бойынша құжаттарды қабылдау басталады:
- запастағы офицерлерді және сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін 3 жылдық оқумен бірінші курс студенттері;
- запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін 2 жылдық оқумен бірінші курс студенттері.
Конкурстық іріктеуге қажетті құжаттардың тізімі:
- Өтініш.
- Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
- E-Gov-тағы жеке кабинеттің ішінде прописка және әскери тіркеуі көрсетілген скриншот (толық бетті шығарасыз – распечатка).
- Көлемі 3х4 см төрт фотосурет.
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
- Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет (мектеп) және мамандығы жазылған анықтама (QR коды бар анықтама жарамды).
- 2 файл.
Қажетті ақпарат Instagram (ektu.askerikafedra) парақшасында, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сайтында (/).
Әскери кафедра мекен-жайы: Әміре Қашаубаев көшесі 7/2, №17 каб.
Анықтама телефон: 8-705-644-19-95