2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ және Қазақстан-Американдық еркін университетінде оқитын студенттер үшін «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ әскери кафедрасына келесі санаттағы студенттер бойынша құжаттарды қабылдау жалғасады:

  • запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін екінші (4 жылдық және 5 жылдық оқумен) және үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттері;
  • запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін екінші (3 жылдық оқумен), екінші, үшінші (4 жылдық оқумен) және екінші, үшінші, төртінші (5 жылдық оқумен) курс студенттері.

Конкурстық іріктеуге қажетті құжаттардың тізімі:

  • Өтініш.
  • Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
  • E-Gov-тағы жеке кабинеттің ішінде прописка және әскери тіркеуі көрсетілген скриншот (толық бетті шығарасыз – распечатка).
  • Көлемі 3х4 см төрт фотосурет.
  • Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
  • Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет (мектеп) және мамандығы жазылған анықтама (QR коды бар анықтама жарамды).
  • 2 файл.

Қажетті ақпарат Instagram (ektu.askerikafedra) парақшасында, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сайтында (/).

Әскери кафедра мекен-жайы: Әміре Қашаубаев көшесі 7/2, №17 каб.

Анықтама телефон: 8-705-644-19-95