Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылға арналған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсын жариялады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021548).

Конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар, университеттің штаттық оқытушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурстың I кезеңі 2026 жылғы 5 қарашада басталып, 2026 жылғы 18 қараша сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі (https://universitycontest2026.kz) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға арналған үлгідегі өтінім;
  2. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы — 2026, 2025, 2024, 2023 және 2022 жылдардағы мәліметтер);
  3. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі (2026–2027 оқу жылына);
  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 2026 жылғы 19 қарашадан 2026 жылғы 20 қарашаға дейін.

Конкурстың II кезеңі 2026 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 12 желтоқсанға дейін өткізіледі.