Жазғы Фуд-корд (кофейня)  орналастыру үшін үй-жайды жалға беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі – Хабарландыру) Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ Ғылыми кеңесімен 2021 жылғы 17 сәуірде бекітілген «Жалға алу және шығындарды өтеу туралы ережеге» (бұдан әрі –Ереже) сәйкес әзірленген.

Конкурстың атауы: Фуд-корд (кофейня).

Конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері: Өскемен қаласы, Серикбаев  көшесі, 19, каб. гл-203 (бұдан әрі-конкурсты ұйымдастырушы).

1. Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны

Конкурсқа қатысуға әлеуетті жалға алынатын конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы жергілікті уақыт бойынша «10» сағат «00» минутта, 2024 жылғы «25» маусым  мына мекенжай бойынша өткізіледі: Өскемен қаласы, Серикбаева  көшесі, 19 каб.  Гл-203

2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімі

1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жалға алушы немесе конкурсқа қатысуға өтінім беру жөніндегі мүдделерді білдіретін олардың уәкілетті тұлғалары сенімхат негізінде, желімделген конвертте 2024 жылғы «25» маусым, жергілікті уақытпен сағат 10-ға дейін мына мекен-жай бойынша ұсынады: Өскемен қаласы, к-сі. Серикбаева 19 каб. гл-203.

3. Жалдау объектісі, оның орналасқан жері мен ауданы туралы қысқаша сипаттама және ақпарат.

2. ШҚО, Өскемен қаласы, ул. Серикбаев кошесі 19, мекенжайы бойынша орналасқан ауданы 13,00 ш.м. Фуд-Корд арналған тұрғын емес үй-жай.

4. Жалға берілетін объектіге конкурс өткізу шарттары және таңдау критерийлері

3. Комиссия әлеуетті жалға алушылардың өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күні белгіленген мерзімде ұсынылған және тиісті журналда тіркелген әлеуетті жалға алушылардың өтінімдерін салыстырады.

4. Хабарландыруда белгіленген мерзімдерге сәйкес, нысанды жалға алуға үміткерлер техникалық сипаттама мен нысанның сипаттамасына сай өздерінің баға ұсыныстарын ұсынады. Бұл ұсыныстарға Қазақстан Республикасының санитарлық нормаларына сәйкес жөндеу жұмыстарының эскиздік жобасы, сантехникалық жұмыстар, ауа тартқыш жүйелерінің түрлері және тағам дайындауға қажетті жабдықтар, сондай-ақ жаңа жиһаз (үстелдер, орындықтар) енгізілуі тиіс. Шарттық қатынастар «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ Ғылыми кеңесімен 2021 жылғы 17 сәуірде бекітілген «Жалға алу және шығындарды өтеу туралы ереженің» 2-бабы, 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады: шарт ең көп дегенде бір жыл мерзімге жасалады және шарт талаптары тиісінше орындалған жағдайда ұзартуға мүмкіндік беріледі. Осыдан кейін комиссия келесі критерийлер бойынша ең тиімді баға ұсыныстарын берген жеңімпазды немесе бірнеше үміткерді анықтайды:

  1. көрсетілетін қызметтердің бағасы;
  2. жұмыс тәжірибесі, қызметкерлер штаты;
  3. ұсынылған жалға алу құны;
  4. қосымша қызметтер;
  5. тамақтану қызметіне рұқсат құжаттары (санитарлық рұқсаттар, қызметкерлердің медициналық кітапшалары).

5. Байқау жеңімпазы тікелей дауыс беру арқылы анықталады. Ең көп дауыс жинаған үміткер – байқаудың жеңімпазы болып танылады. Комиссия шешім қабылдауда жалдау шарттары ең тиімді болып табылатын үміткердің өтініміне сүйенеді. Егер комиссия дауыс саны тең болған бірнеше үміткерді анықтаса, онда байқау жеңімпазын комиссия төрағасы немесе оны алмастыратын тұлға белгілейді.

5. «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ бекіткен жалға алу мерзімі мен жалдау төлемінің мөлшері.

6. Мүлікті жалға беру (аренда) мерзімі: 1 күнтізбелік жыл.

7. Ай сайынғы жалдау ақысы: ҚҚС-ты (қосылған құн салығын) қоса алғанда кемінде 15000, теңге,. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер (электр энергиясы, ыстық/суық су) есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша бөлек төленеді.

6. Техникалық сипаттама және басқа да жалдау шарттары:

8. Жалға алу талаптары нысанның техникалық сипаттамасы мен ерекшеліктеріне сәйкес келесі тармақтарды қамтуы тиіс: Қазақстан Республикасының белгіленген санитарлық нормаларына сәйкес жөндеу жұмыстарының эскиздік жобасы;сантехникалық жұмыстар; ауа тарту жүйелерінің түрлері; тағам дайындауға қажетті барлық жабдықтар; жаңа жиһаз (үстелдер мен орындықтар). Шарттық қатынастар «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ Ғылыми кеңесімен 2021 жылғы 17 сәуірде бекітілген «Жалға алу және шығындарды өтеу туралы ереженің» 2-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады: «Шарт ең ұзақ дегенде 1 жыл мерзімге жасалады және шарт талаптары тиісінше орындалған жағдайда оның мерзімін ұзартуға құқық беріледі».. Потенциалды жалға алушының Арендатор алдында қаржылық қарызы болмауы тиіс – мұндай өтінім байқаудан шеттетіледі.

9. Техникалық ерекшелікте көрсетілген

7. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі

10. Әлеуетті жалға алушы конкурсқа қатысуға өтінімі бар мөрленген конверттің беткі жағында мыналарды көрсетуі тиіс:

  1. әлеуетті жалға алушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
  2. осы хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы; ;
  3.  қатысу үшін әлеуетті таныстырылушының өтінімі ұсынылатын конкурстың толық атауы.

11. Конкурсқа қатысуға өтінім хабарландыруда белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес әлеуетті жалға алушының Фуд-корд үй-жайды жалға алу конкурсына қатысуына келісім білдіру нысаны болып табылады.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар болуы тиіс:

  1. мыналарды қамтитын байланыс деректері: әлеуетті жалдаушының атауы, заңды мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, Тегі, Аты, Әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
  2. жалға алу үшін болжанатын объектінің атауы, орналасқан жері, алаңы;
  3. жалдау мақсаты;
  4. жалға алудың жоспарланған мерзімдері;
  5. әлеуетті жалдаушының мүліктік жалдаудың (жалдаудың) үлгілік шартының талаптарымен және қағидалармен фирмалық бланкіде хаттың түпнұсқасын ұсыну арқылы танысқанын және келісетінін растау;
  6. тұрғын емес үй-жайды жалға берудің бекітілген құнынан және объектіні пайдаланғаны үшін төлемнен төмен болмайтын, ұсынылып отырған жалдау ақысын төлеуге;
  7. әлеуетті жалға алушы объект шеңберінде көрсететін ілеспе қызметтердің түрлері;
  8. техникалық ерекшелікті және болжанатын инвестицияларды, бизнес-жобаны, объектінің бөлінетін және бөлінбейтін жақсартуларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды және т. б. қамтитын басқа да ұсыныстарды қамтиды.;
  9. Өтінімге нотариуспен куәландырылған көшірмелер немесе электронды құжаттың қағаз түріндегі көшірмелері (конкурс жарияланған күннен бастап 10 күннен ерте емес мерзімде берілген) келесі құжаттар қоса берілуі тиіс: Заңды тұлғалар үшін:Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; қызметінің қоғамдық тамақтанумен сәйкес келуі; Жарғы; Лицензия/рұқсат немесе техникалық сипаттамада көрсетілген талаптарға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын басқа құжат. Жеке тұлғалар үшін: Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлік (болған жағдайда); Жеке тұлғаны куәландыратын құжат; Мекенжай туралы анықтама. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылар тізілімін жүргізген жағдайда нотариуспен куәландырылған серіктестік қатысушыларының тізімінен үзінді берілуі тиіс.
  10. Тамақтану қызметіне рұқсат құжаттары (тамақтану мәзірі, әртүрлі тағамдардың граммдары көрсетілген, құны аспауы тиіс, санитарлық-эпидемиологиялық рұқсат, барлық қажетті қызметкерлердің болуын растау)

13. Байқауға қатысуға арналған өтінім потенциалды жалға алушыдан жазбаша түрде, бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен (бар болған жағдайда) мөрленген түрде, өтінімдерді ұсыну үшін белгіленген соңғы мерзімге дейін мөрленген конвертте берілуі тиіс.

8. Арендатордың жауапты тұлғасының байланыс деректері

14. Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін келесі телефонға хабарласуға болады:
байланыс телефоны: 8 (777)9075533.

Тауарлар мен қызметтерді сатып алу ұйымдастырушысы уәкілетті өкілі:
Машекенова А.Х. – басқарма мүшесі, академиялық мәселелер бойынша проректор,
байланыс телефоны: 8 (777) 9075533.

    Протокол Рассмотрение ценовых предложений по аренде помещения «Фуд-корд (кофейня)» 36