G-Global қарым-қатынас алаңын қолдау барысында 2013 жылдың 26 сәуірінде экономика және менеджмент факультеті видеокездесу режимінде онлайн конференциясын ұйымдастырып, отандық және шетелдік білім және бизнес мекемелерді қатыстырып өткізді.

Аталған қарым-қатынас алаңы Қазақстан Республикасының президенті Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрастырылды. Алаңның мақсаты - әлемдік сараптама қауымының қатысуымен интерактивтік, ашық, көпшілік пікірсайыс және пікірталасқа жағдай жасау, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың ойларымен, тәжірибелерімен алмасу, ең өзекті сараптама жұмыстарын анықтап, жүзеге асыру; әлемдік қоғамдастықта, Қазақстан сарапшылардың рөлін және атағын арттыру.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ конференциясының тақырыбы экономикалық қауымдастықта өзекті сұрағы: «Білім экономиканың қалыптасуы мәселесі» болды. Онлайн конференциясы қауырт, интерактив тәртібінде өтті. Бізге қосылғандар: Т. Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Украина), Латтелеком (Латвия) фирмасы, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Атырау мұнай және газ институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті.

Экономикға және менеджмент факультетінің баяндамашылары – Ю.В. Баталов, Н.В. Гусева, Н.А. Макаренко, Е.А. Колос, Г.А. Левченко, А. Уалханова «Білім экономикасы» ұғымының мәнін және әдіснамалық көзқарасты толық көрсетіп, оның қалыптасуына алғышарты мен факторларының ықпалдары, Қазақстан зияткерлік әлеуетінің даму ерекшеліктері және басқа сұрақтарға назар аударылды. Конференцияға шақырылған басқа қатысушыларының баяндамалары талқыланып отырған мәселелерді кеңінен ашты: қазақстан-американдық еркін университітінің өкілдері Қазақстан экономикасының модернизация кезенінде екінші деңгейлі банктерді басқару ерекшеліктерінде тоқталды, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдері кеден одағының шеңберінде интеграциялық үдерістердің болашағына назар аударды.  Т. Шевченко атындағы Киев ұлттық университенен арнайы шақуруымен келген ғалым тыңдаушыларды өзінің ақпаратының өзектілігімен және дәлелдігімен қызықтырды.

Ұзақ пікірталастың нәтижесінде, тек қана сөз болып отырған мәселе бойынша емес, болашақта білім, ғылым, халықаралық ынтымақтастықты дамыту сөз болды.