Құрметті білім алушылар! 2022 жылдың 06-шы қаңтарынан 17-шы қаңтарға дейін білім алушылар қызмет көрсету орталығы жеке кабинет арқылы оқыту барысында босатылған бос білім гранттарын тағайындауға онлайн өтінімдер қабылдай бастайды.
Конкурсқа қатысу үшін шарт негізінде оқитын білім алушылар келесі құжаттарды тіркеуі қажет:
- конкурсқа қатысу туралы Басқарма төрағасы – ректордың атына өтініш (өтініш нысаны өтінім берген кезде қол жетімді болады);
- жеке куәліктің көшірмесі;
- транскриптер Студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынады.
Бос білім беру гранттары туралы мәліметтер
Бос гранттар беру конкурсына барлық оқу кезеңінде академиялық қарыздары жоқ білім алушылар қатыса алады.
Конкурс үлгерімнің аралық аттестаттау негізінде GPA орташа балы нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы"), содан кейін – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В -, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.