ҚР БжҒМ Болон үрдісі мен академиялық мобильділік Орталығы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы бакалавриатта білім беру бағдарламаларының рейтингісін жариялады.

Рейтинг-2013-ке 108 білім беру бағдарламалары және 11 бағыт бойынша 69 ЖОО қатысты.

Рейтинг нәтижелері бойынша Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШҚМТУ 9-  орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының 30 белді ЖОО құрамына енді. Сонымен қатар, ШҚМТУ «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыты бойынша білім беретін ең тартымды ЖОО аталды.

Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШҚМТУ білім беру бағдарламаларының рейтингісі:

1 орын

5В070600 Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау

5В090700 Кадастр

2 орын

5В071100 Геодезия және картография

3 орын

5В070700 Тау-кен ісі

5В070900 Металлургия

5В071200 Машинажасау

5В072300 Техникалық физика

5В072400 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)

5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдар өндіру

5В073100 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

 

Толығырақ мағлұмат http://www.kazpravda.kz/_pdf/july13/070713reiting.pdf.  «Казахстанская правда» газетінің сайтында орналасқан.