Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Халықаралық инженерия» мектебі 2025 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының ғылым саласына зор үлес қосқан тұлға, ЖҒА академигі, «Химия, түсті және ұнтақтық металлургия» кафедрасының профессоры, техникалық ғылымдар докторы ХАН ОКТЯБРЬ АЛЕКСАНДРОВИЧТІҢ 101 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында химиядан «ЖАС ХИМИК» аймақтық олимпиадасын өткізеді. Олимпиадада «Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер периодтық жүйесі» тақырыбы аясында теориялық кезең өткізу жоспарлануда.

  • Олимпиада қатысушыларын тіркеу: 2025 жылдың 25 сәуірі күні сағат 09.00.
  • Басталуы: 25 сәуір 2025 жылы сағат 10.00.
  • Өткізу орны: Қазахстан Республикасы, Өскемен қаласы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, бас ғимараты,. Серікбаев көшесі , 19.
  • Олимпиада қатысушылары: 10-11 сынып оқушылары.

Өтінімдер 2025 жылғы 23 сәуірге дейін келесі сілтеме бойынша қабылданады:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSesvd2PmNWuxoPScn7-NK8XQl8AU_bP2vU8bwRfpUi9nrqhTw/viewform

ҚАТЫСЫҢЫЗДАР, ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІҢІЗДЕР!