Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Өңірлік дөңгелек үстелдің
«Өңірлік мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттардың жүйелі өзара іс-қимылын іздеу»
- Өткізу күні: 2025 жылғы 26 мамыр, сағат 11:00–13:00
- Өткізу орны: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Серікбаев көшесі, 19, колоннал залы.
- Қатысушылар: мемлекеттік қызметшілер, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, Достық үйінің өкілдері, студенттер, БАҚ өкілдері.
- Форматы: офлайн және онлайн-конференция (Zoom-конференция)
Дөңгелек үстел Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында қойған міндеттерін іске асыру мәселелерін талқылауға арналады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – өкілді және атқарушы билік органдары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы және өңірлік университеттердің ғылыми орталықтары арасында әлеуметтік синергияға қол жеткізу үшін өңірлік мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттардың жүйелі өзара іс-қимылын іздеу.
Дөңгелек үстел барысында өңірлік әкімшілік жүргізу мен әлеуметтік менеджмент саласына ғылыми әзірлемелерді тиімді енгізу мақсатында өңірлердің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған «ASHYQТYQ, YNTYMAQТASTYQ, KOLLABORATIVTIK» атты жүйелі өңірлік өзара іс-қимыл моделі таныстырылады.
Шығыс Қазақстан өңірлік кейсі мысалында ғылыми-талдамалық әлеуетті жүйелі түрде пайдалану мүмкіндіктері талқыланады.
Дөңгелек үстелдің Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің алаңында өткізілуі — бұл елдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде мемлекеттік басқару мен аумақтарды әлеуметтік бағытталған менеджмент процесіндегі ғылымның маңыздылығын айқындайды.
- Zoom конференциясына қосылу https://us02web.zoom.us/j/84079627879?pwd=CJCJbIJiNRo2qbbKNqMmEZPJb9busl.1
- Конференция идентификаторы: 840 7962 7879
- Қатысу коды: 032957
- БАҚ үшін тел нөмір: 8 778 708 27 79 Тауманова Жулдыз