Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 70 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.
Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, медициналық жоо үшін бакалавриаттың 2-5 курсы, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.
Гранттар саны: 20
Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:
Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе. (Microsoft Word форматында);
- Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес). *Балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды;
- Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.
Қосымша құжаттар:
- Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
- Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
- Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
- Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);
*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.
Өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында 2024 жылдың 01 ақпан мен 05 наурыз аралығында қабылданады.
Өтінімді қабылдау 2024 ж. 05 наурыз Астана уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.
Положение о Стипендиальном конкурсе имени академика Ш. Есенова-2024