Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың, әсіресе жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Өйткені, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар мен оқытушылардың қолында! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.
Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі, бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ойшыл, ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан.
Осы аталған ұлы мереке қарсаңында 05.10.11 күні 10-БФК-1 тобы «Қалдырған іздеріңіз-мәңгілік» атты мерекелік кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатқа «Экономика және менеджмент» факультетінің деканы Е.В. Варавин, «Әлеуметтік даму және тәрбие жұмысы» департаментінің директоры Б.Ш. Мешимбаева, деканның тәрбие жөніндегі орынбасары С.К. Ережепова, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.С. Аубакирова, «Қаржы, есеп және салық салу», «Қазақ, орыс тілдері және іс-жүргізу » кафедраларының оқытушылары қатысты. Оқытушылар мен қонақтар студенттермен бірге «10-БФК-1» тік ұшағымен шет елдерге сапар шекті. Франция, Испания, Бразилия, Индия елдеріне саяхат жасап, сол елдердің мәдениетімен танысып, құттықтауларға бөленді.
Кураторлық сағатты өткізудің басты мақсаты: Жұртшылық назарын бір сәт болса да жұмысы қиын әрі жауапты ұстаздардың қоғамдағы орны мен олардың әлеуметтік жағдайларына назар аударту, оларды бағалап, құрметтеу.
10-БФК-1 тобының кураторы Суйеубаева С.Н., э.ғ.к., "Қаржы, есеп және салық салу" кафедрасының аға оқытушысы