pic2Тәуелсіздік! Ол менмін-болашақпын!

Арқалаған жиырмасын бала шақтың.

Ән-ұранды жырлатып қыран-көкке

Көк туымды көтеріп ала шаптым!

 

Міне, осылай деп басталған ашық кураторлық сағатымыз сан ғасыр аңсап, армандап жеткен  тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналды. Бұл ашық сағатқа «Экономика және менеджмент» факультетінің оқу-ісі деканының орынбасары Аубакирова Ж.С., кафедраның аға кураторы Мезенцева Л.А., «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының меңгерушісі Н.В.Краузе, аға оқытушы А.М.Саурова, М.Сырымбек және 08-СИК-1, 08-БЭК-1 тобының стунденттері қатысты. 11-БЭК-1,11-ОЦК-1,11-БЭТК-1 тобының студенттері осы тәуелсіздіктің бізге қалай келгені туралы өздерінің ой-толғауларын жеткізді.

Тәуелсіздік..... Осы бір сөзді естігенде жүрегіңде ерекше жылылық пен мақтаныш сезімі ұялайды. Бұл күн бізге  оңайшылықпен келген жоқ. Оның жолында қаншама ұл-қыздардың жаны қиылып, қаншама жер қызыл қанға боялды. Ата – бабамыздың қанымен, ақ найзаның ұшымен жеткен тәуелсіздіктің жүгі тым ауыр. Тәуелсіз ел болу баршаға бірдей бұйырмаған. Егеменді ел болған кезден бастап, біздің еліміздің Ата заңы, шекарасы, төл теңгесі қабылданды.

Болашақтың ертеңі жас ұрпақ, яғни біздердің Қазақстанның өркендеуіне қосар үлесіміз-Отанымызды, ата-анаңды, ата-баба дәстүрін құрметтеу, намысты қолдан бермеу, қияға қанат қағу.Міне, биыл еліміз бостандық туын ұстағанына жиырма жыл болды.  Сырт көзге қарағанда жас, енді ғана гүлденіп, бүршігін жарған елміз. Осы жиырма жыл төңірегінде Қазақстанның еңбектерін, қатысқан және ұйымдастырған іс-шараларын ой елегінен өткіздік. Сөз соңында айтарымыз, Аға ұрпақ сыйлаған бақытты жоғалтпай, тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне бар күш-жігерімізді, біліміміз бен санамызды салайық, студенттер!

Сагидолдина А.Ж.

Топ кураторы