Наурыз айының 30-ында кураторлық топта жоспарланған «Өзін-өзі басқару» күніне орай 10-БМК-1, 10-ТДК-1 топтарының студенттерінің ұйымдастыруымен кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа топ студенттері, топ кураторы Масенова А.М., «Инновациялық менеджмент» кафедрасының аға кураторы Солтанбекова Ш.О., университетіміздің құқықбұзушылықтың алдын алу комитетінің мүшесі Габдуллина Айжан және 11-ТДТК-1 тобы студенттері шақырылды. Кураторлық сағаттың тақырыбы бүгінгі күннің ғасыр дерті болып отырған нашақорлық, ішімдікке салыну, таксикомания, шылым шегудің зардаптары мен олардың алдын алу шаралары жайында үлкен әңгіме қозғалды. 10-БМК-1 тобының студенті Тлебалдинова Әсем өзінің дайындаған материалында ішімдіктің зияны туралы, осы жылдың басында жүргізілген Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша жүзеге асқан «Жасөспірім» алдын алу шараларының қорытындысы бойынша және маскүнемділік ауруынан арылу жолдары туралы толық ақпарат беріп өтсе, 10-ТДК-1 тобы студенттері Оралханов Мәди, Қажымұрат Азамат, Самалбек Олжас және Байтиков Азамат нашақорлық, шылым шегу, таксикоманияның зияндарын, оларды қолданудың ауыр зардаптарын, өмірге төнетін қауіп-қатерлері туралы өз ойларын бөлісіп, материалдарын слайдтар, видеофильмдер түрінде баяндады.
Кураторлық сағаттан жасаған қортындымыз, жас достар жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйір болайық! Шылым шегу, алкоголь, нашақорлық - тұңғиық түбі, өз қазынамызды тұңғиық түбіне батырмайық. Оларға қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз... Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық!
Айжан Масенова топ кураторы
Инновациялық менеджмент кафедрасы
Экономика және менеджмент факультеті