23 желтоқсан 2005 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекіткен «Сыбайлас жиемқорлықпен күресудің 2006-2010 жылы Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес Д.С. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің «Қазақ,орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу» кафедрасының оқытушы-профессорлар ұжымы өздері білім беріп жүрген студент жастармен үнемі белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
Осындай дәстүрлі шараның бірі – 6 қазан 2011 жылы 11-ТМК-2,11-ССК-1,11-ТМ-1 тобының студенттерімен өткізілген ШҚО Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлемінің полиция подполковнигі Жанәбілов Қайрат Сайлаубекұлымен өткен кездесуді атауға болады. Кездесуге экономика және менеджмент факультетінің деканы Е.В. Варавин қатысты.
Қайрат Сайлаубекұлы студенттерге арнаған өз сөзін: қазіргі заманғы ислам және діни сауаттылықты арттыру мәселесі туралы бастады. Ислам- адамның бойындағы тамаша адами қасиеттерді қамтитын ерекше дін. Оның негізі бүкіл адамзаттың рух және дене тұрғысынан жетілуін, қоғамда өмір сүрудің қағидасын қалыптастырып дүниеде мәнді және маңызды болуды мақсат етеді. Ислам жеке тұлға мен қоғамның жамандықтардан арылып, бейбітшілік пен тыныштықты сақтайтын өмірді ұсынады. Ойлауды, жаңа бағыттағы ізденістерді ,әдептілік пен имандылыққа үйренуді, жалпы адам баласының бір-бірімен береке-бірлік пен ынтымақтықта өмір сүруін бұйрады. Осының барлығын орындау барысында жастарымыздың әрқайсысының ақыл мен ғылымға сүйенуін меңзейді.
Сондықтан да біз, бүгінгі күні исламға өркениетті дін деп қарауымыз керек. Өйткені ол әділеттіктікті жақтайды және адамдардың өздері өмір сүріп отырған еліндегі заңдардың бірдей жүзеге асырылуының қажеттігін ұсынады. Керісінше, осындай қоғамдағы адами қасиеттердің негізін қалыптастыра алатын құдіретті ислам дінімізді сыртқы саяси күштер өзімізге құбыжық етіп көрсеткісі келеді. Ислам атын жамылып, ел арасында ірткі салып, тыныштық пен береке, бірлігімізге нұқсан келтіріп жүрген еліміздегі жастарымыздың санасына кері әсерін тигізетін ағымдардың бар екенін айтқан жөн. Олар қазір ислам дініне бағытталған ең басты қатерлі күштің бірі- осы зиянды ағымдар екенін сіздер саналарыңыздан ешуақытта шығармауларыңыз керек.
Бұл ағымдар елдің тұрақтылығы мен бірлігін, тұтастығын бұзуды және елімізде көптеген идеологиялық, әлеуметтік және экономикалық, тіпті этностық келіспеушілік пен тұрақсыздыққа әсер еткісі келеді. Сондықтан да бүгінгі кездесуіміздің басты міндеті- жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру,сөйтіп кертартпарлық діни ағымдарға тосқауыл жасай білетін, білімді, сауатты, саналы жас мамандарды тәрбиелеу екендігін ерекше тоқталды.
Бұл кездесу өте қызықты өтті. Студенттер: Кенжебекқызы Ақбота, Рамазан Серікболсын т.б. Өздерін толғандырып, шешуін таппай жүрген көптеген сауалдарына толық та нақты жауаптар алды. Қатысушылар Қайрат Сайлаубекұлына алғыстарын білдірді.