PA230293Қазіргі таңда жасөспірімдер және студент-жастар арасында орын алып жататын қылмыстық оқиғалардың алдын алу шараларын ұйымдастыруда құқық қорғау органдары, яғни ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Сол себептен, 2011 жылдың 28 қазанында Г-3 ғимараттың 312 дәрісханада қазақ топтары үшін жасөспірімдер мен студент-жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау мақсатында «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының кураторлары Үлбі ПБ КПБ бастығының орынбасары, полиция аға лейтенанты М.С.Есімхановпен және «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заңгер А.А. Токсанбаевпен кездесу ұйымдастырды. Осы кездесуге факультеттің  80-ге жуық студенттері, факультеттің оқу және тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасарлары Аубакирова Ж.С. және Ережепова С.К., «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының кураторлары: Мадиярова Э.С., Джемпеисова Г.И., Бидельманова М.М., Суйеубаева С.Н., Саденова А.М.  қатысты.

Есімханов М.С. облыс бойынша барлық бағыттардағы тергелген қылмыстық істер бойынша: топпен жасалған, бұрыннан қылмыс жасағандармен алкогольдік ішімдік аркылы мас күйінде жасалынған қылмыстар, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс, есірткімен байланысты  қылмыстар туралы нақты мәліметтер мен мысалдар келтірді. Қылмыспен күресу үшін және оның алдын алу үшін, бүгінгі таңда жастардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып, оған қатысты ұсыныстар жасалынуының қажеттілігін де айтты. Сондай-ақ
М.С. Есімхановпен заңгер А.А. Токсанбаевтың оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауаптары қызықты әрі пайдалы әңгімеге ұласты.

Студенттердің саяси-құқықтық сауатын көтеру мақсатында осындай шаралардың жиірек өтуі қажет деп ойлаймыз. Өйткені құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ – біздің болашағымыз.

«Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының кураторлары: Мадиярова Э.С., Джемпеисова Г.И., Бидельманова М.М., Суйеубаева С.Н., Саденова А.М.