Құрметті әріптестер!
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы екі бос лауазымға шақырады: менеджмент жүйелері орталығының бастығы және жоба-менеджер (тәуекел-менеджер).
Біз қызықты және кәсіби ортада жұмыс істеу үшін бастамашыл және жауапты үміткерлерді күтеміз!
Түйіндемені мына мекенжайға жіберуіңізді сұраймын [email protected].
Негізгі талаптар: Жоғары білім немесе жоғары кәсіптік білім, қызмет бағыты бойынша үш жылдан бес жылға дейінгі практикалық жұмыс тәжірибесі, ЖОО-дағы жұмыс тәжірибесі (қалаулы).