Ағымдағы жылдың 9-10 сәуірінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Жастар шығармашылығы Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың VI Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өткізіледі.

Конференцияда қарастырылатын бағдарламалар: пленарлық отырыс (конференцияның ашылуы, негізгі баяндама), секциялық (конференцияға қатысушылардың қатысуы), қорытынды отырыс және дөңгелек үстел өткізіледі.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

  1. Құрылыс және архитектура инновациясы;
  2. Экономиканы басқару мәселелері қоғамның инновациялық дамуы;
  3. Тау кең-металлургиялық саласыныңкөкейкесті  мәселелері;
  4. Білім,ғылым және техникада, информамациялық-комуникациялық технологиялар (ИКТ);
  5. Энергетика және энергия үнемдеу;
  6. Машина жасау, транспорт  және агроөнеркәсіп саласында инновациялық дамуы;
  7. Әлеуметтiк-гуманитарлық ғылыми рөлі және шет тілдерінде инновациялық процестерді дамыту;
  8. Әскери ғылым және дене шынықтыру.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның негізгі күндері:

  • конференцияның  қатысушыларын тіркеу – 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап;
  • конференция материалдарын қабылдау - 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап;
  • конференция материалдарын қабылдауды аяқталуы - 2020 жылдың 1 наурызына дейін;
  • төлем ақысын төлеу - 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін;
  • конференцияның өткізілуі - 2020 жылдың 9-10 сәуір аралығында.