2026 жылғы 19–20 қазан
Қазіргі заманғы Еуразиялық кеңістіктегі этнодемографиялық және әлеуметтік үдерістерге арналған XXV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ғалымдарды, зерттеушілерді, оқытушыларды, сарапшыларды және жас мамандарды қатысуға шақырамыз.
Конференция аясында демографиялық үдерістер, халықтың көші-қоны мен урбандалуы, қазақ диаспорасы мен қандастар, этникалық құрылымдар және олардың құрамдас элементтері, этномәдени үдерістер мен мәдениетаралық диалог, отбасы институттары және халықтың ұдайы өсіп-өнуі мәселелері қарастырылады.
Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім орталығы – Достық үйі» КММ және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің DIGITAL SOCIAL RESEARCH халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы.
Қосалқы ұйымдастырушылар: Алтай мемлекеттік университеті, Иркутск мемлекеттік университеті, Тынық мұхиты мемлекеттік университеті және Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті.