ҚР ҒжЖБМ ҰТО арқылы КТ-ға қатысу үшін өтініштерді онлайн режимде қабылдау мерзімі - күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 8 шілдеге/ 28 қазаннан 10 қарашаға дейін.

Кешенді тестілеу (КТ) - күнтізбелік жылдың 20 шілдесінен 10 тамызға/ 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 11 тамыздан 15 тамызға/ 12 желтоқсаннан 20 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады (шамамен алынған күндерді ЖОО ҚК-да нақтылау қажет).

Магистратураға қабылдау күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызға/ 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жүргізіледі.

Магистратураға КТ нәтижелері бойынша түседі (КТ). Кешенді тестілеуге қатысу құны - 14 693 теңге.

Толығырақ http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/priem-na-obuchenie-v-organizatsii-obrazovaniya-realizuyushchie-obrazovatelnye-programmy-poslevuzovsk/

Кешенді тестілеуге (КТ) қатысу үшін оқуға түсуші Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы өз бетінше онлайн өтініш береді.

Қабылдау

Грант

 «Магистр» дәрежесіне білім беру грантын тағайындау конкурсында, білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәндеріне, шет тіліне және оқуға дайындығын анықтауға КТ нәтижелерінің баллдары есептелінеді. КТ нәтижелерінің бірдей көрсеткіштері болған жағдайда, білім беру бағдарламалары тобының бейіндік пәннің тестілеу нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған адамдарға басымдық құқығы беріледі, содан кейін оқуға дайындықты анықтауға арналған тест нәтижелері ескеріледі, содан кейін шет тіліндегі тест нәтижелері, содан кейін - дипломның қосымшасындағы GPA (орташа балл) және жұмыс тәжірибесі.

Шетелдіктер үшін

Шетелдіктерді магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

Әскери қызмет өткергендер үшін

Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін, үш жыл ішінде, мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды бейінді магистратураға ақылы негізде қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде түсу емтихандарынсыз әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Әкімшілік қызметшілер лауазымдағы; бейініне сәйкес

Бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде 5 (бес) жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/U1500000150).

Магистратураға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

  1. ұйым басшысының атына еркін нысанда жазылған өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжат (3 тілде қосымшалары бар түпнұсқа) + көшірме;
  3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет) + көшірме;
  4. 3х4 см өлшемді 6 фотосурет;
  5. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
  6. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда):
    • ағылшын тілі: IELTS Academic (халықаралық ағылшын тілін тестілеу жүйесі Academic), алдын ала балл-кемінде 6,0; TOEFL IBT (ағылшын тілі бойынша шет тілі ретінде Интернет-тест), алдын ала балл-кемінде 60;
    • неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, niveau В2/ В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (NIVEAU В2/ В2 деңгейі); Француз: TFI (test de Fransais International)- оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес, DELF (diplome d ' Etudes en Langue fransaise) - B2 деңгейі, DALF (diplome Approfondi de langue fransaise) - В2 деңгейі, TCF (test de connaissance du fransais) - В2 деңгейінен төмен емес; + көшірмесі; + көшірме;
  7. еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыс тәжірибесі бар адамдар үшін);
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

МАГИСТРАТУРА ТҮСУШІЛЕРГЕ