Курс туралы

Пән студенттердің елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың сумен қамту және су бұру жүйелерін пайдалану саласындағы теориялық негіздер мен практикалық білімді зерделеуді және игеруді қамтиды.

Курс студенттердің инженерлік коммуникацияларды пайдалануды басқару және жөндеу, техникалық қызмет көрсету, диагностика, мәселелерінде кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады. Жүйелер жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударылады.

Оқытушылар

Анапьянова Самал Багдатовна, аға ғылыми қызметкер, Сәулет құрылыс және энергетика мектебі.

Еремеева Юлия Николаевна, техника ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер, Сәулет құрылыс және энергетика мектебі.

Соңғы өзгерістер күні:
19.05.2025