Аддитивті технологиялар қазіргі заманғы машина жасау мен цифрлық өндірістің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады. Бұл технологиялар күрделі геометриялық пішінге ие бұйымдарды цифрлық модель негізінде тікелей дайындауға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде жобалау мерзімі қысқарып, материал шығыны азаяды және тәжірибелік үлгілерді дайындау құны төмендейді. Реверс-инжиниринг технологияларымен үйлестірілген аддитивті өндіріс бұйымды әзірлеудің толық цифрлық циклін қамтамасыз етеді: 3D-сканерлеу арқылы қолданыстағы нысанның геометриясын алудан бастап, оның CAD-моделін құру, оңтайландыру және 3D-басып шығару әдісімен дайындауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Бүгінгі таңда аддитивті технологиялар машина жасау, энергетика, аспап жасау, металлургия, автомобиль өнеркәсібі, технологиялық жарақтарды (оснастка) өндіру, сондай-ақ жеке медициналық бұйымдар мен прототиптерді дайындау салаларында кеңінен қолданылады. Бұл технологиялардың дамуы өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Осы Minor бағдарламасын меңгеру білім алушыларға бұйымдарды цифрлық жобалау, модельдерді аддитивті өндіріске дайындау, 3D-басып шығару технологияларын таңдау, дайындалған бұйымдардың сапасын бағалау, сондай-ақ қолданыстағы конструкцияларды жаңғырту кезінде реверс-инжиниринг әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мақсаты:
Білім алушылардың машина жасау бұйымдарын әзірлеу, жаңғырту және өндіру барысында инженерлік міндеттерді шешуге арналған аддитивті технологиялар, цифрлық жобалау және реверс-инжиниринг салаларындағы заманауи құзыреттерін қалыптастыру.
|
Маманның құзыреттер картасы |
Қалыптастырылатын негізгі құзыреттер |
Оқыту нәтижелері |
|---|---|---|
|
Аддитивті өндірістің заманауи технологияларын меңгеру; |
Бөлшектер мен құрастыру бірліктерінің цифрлық 3D-модельдерін әзірлеу; |
|
|
Модельдерді аддитивті өндіріске дайындай білу және басып шығарудың оңтайлы параметрлерін таңдай білу. |
||
|
Аддитивті өндірісте заманауи полимерлік және металдық материалдарды пайдалана білу. |
||
|
Дайындалған бұйымдардың сапасына талдау жүргізе білу және технологиялық параметрлердің олардың қасиеттеріне әсерін бағалай білу; |
Оқытушылар
|
Комбаев Куат Курганович, т.ғ.к., Халықаралық инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры |
29.06.2026