Курс туралы

Интерьерлі кескіндеме – бұл көркемдік құралдар мен техникалық мүмкіндіктерге бай бейнелеу өнерінің кең тараған түрлерінің бірі: түстердің тондық қатынасы, сәндік және дерексіз композицияларды стильдеу тәсілдері, әртүрлі кескіндеме әдістерін қолдана алу (акварель, гуашь). Кескіндеме негізгі пән ретінде шығармашыл, еркін ойлай алатын мамандарды дайындауға ықпал етеді, бейнелі және кеңістіктік ойлауды, түстердің заңдылықтарын түсінуді қалыптастырады, интерьерге шығармашылық авторлық шешім табуға көмектеседі.

Курс түспен жұмыс істеудің барлық аспектілерін қамтиды: түс реңктерін араластыру, бір-бірімен келісетін түс схемаларын іздеу және түсті композициялар үшін өзіндік және стандартты емес идеяларды жүзеге асыра алу.

Оқытушылар

Буханцева Анна Евгеньевна, Сәулет құрылыс және энергетика мектебінің оқытушысы.

Феоктистова Елена Александровна, Сәулет құрылыс және энергетика мектебінің аға оқытушысы.

Иноземцева Татьяна Александровна, Сәулет құрылыс және энергетика мектебінің аға оқытушысы.

Борисова Татьяна Михайловна, Сәулет құрылыс және энергетика мектебінің оқытушысы.