Азаматтық және өндірістік құрылыс Қазақстанның даму стратегиясындағы басты бағыттардың бірі болып танылды.
Заманауи құрылысқа қатысатын әр маман құрылыс материалдарының заманауи номенклатурасын, физико-механикалық және технологиялық қасиеттерін білуі керек. Бұл маманға құрылыс материалдарын дұрыс қолдануға, оларды құралатын құрылымның сапасын төмендетпей, өзара алмасым жасауға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары урбанизациялаудан туындаған қарқынды дамып келе жатқан құрылыс индустриясы құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары өндісінің өсуін арттыру қажеттілігіне алып келді.
Отандық құрылыс нарығында импортты құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдану ғимараттар мен үймереттер құрылысының қымбаттауына әкеп соғады. Осы мәселені шешу үшін елімізде отандық құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін жаңа кәсіпорындар ашылуда. Бүгінгі күнде олар өндіріс технологиясын білетін мамандарға мұқтаж.
Бетон, темірбетон, керамикалық тастар және кірпіштер сияқты негізгі конструкциялық материалдарды тікелей жаппай құрылыс аудандарында өндіру қажет, себебі оларды импорттау өте қиын, әрі экономикалық тұрғыдан мақсатсыз болып табылады. Сондықтан сәтті, үздіксіз азаматтық және өндірістік құрылысты қамтамасыз ету үшін әр ауданға, қалаға жергілікті шикізатты қолдануды, жоғары сапалы бұйымдарды жергілікті өндірістік қалдықты қолдану арқылы құнын төмендете отырып өндіруді игерген мамандар қажет.
Мақсаты: әрбір құрылыс материалдары туралы теориялық және практикалық мәліметтерді, шикізаттың сапалық сипаттамасының ерекшелігін, материалдардың ерекшеліктері мен қасиеттерін, шикізат, отын-энергетикалық және басқа да материалдық ресурстарды тиімді пайдалану кезінде дайындау технологиясын жақсы білетін жоғары білікті мамандарды дайындау.
Маманның құзыреттілік картасы | Қалыптасатын негізгі құзыреттер | Оқыту нәтижелері |
---|---|---|
Қазіргі заманғы құрылыс материалдарының алуан түрлілігіне бағыт бере отырып, кәсіби қызметті жүзеге асыру қабілеті, олардың жіктелуі мен таңбалануын, функционалдық, пайдалану қасиеттерін, дайындау технологиясын, қолдану саласын білу | Әртүрлі құрылыстарға арналған құрылыс материалдарын ұтымды таңдай білу, Негізгі құрылыс материалдарының құрамын жобалау; материалдарды дұрыс тасымалдауды және сақтауды жүзеге асыру; пайдаланылатын құрылымдар мен құрылыстарда материалдың жағдайын бақылауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру | |
Құрылыс материалдарын дайындау кезінде өтетін шикізат, Технологиялық схемалар, физика-химиялық процестер туралы түсінікке ие болу. |
Minor курсы:
- Еңбексыйымдылығы: 15 кредит
- Пререквизиттер: жоқ
- Тыңдаушылардың ең аз саны: 10
- Тыңдаушылардың ең көп саны: 100