7 желтоқсан күні «Абай» клубының ұйымдастыруымен университетіміздің 65 жылдығына орай тәуелсіздігіміздің 37 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік»  атты мерекелік кеш өтті.

Желтоқсан оқиғасының Қазақстанның тәуелсіздік алуына қандай ықпал еткендігі туралы бейнебаян көрсетіліп, студенттер біраз мәліметтерге қанық болды. Жас ақындардың тәуелсіздікке арнап шығарған өз авторлық өлеңдері оқылып тыңдалды. Туған жерге, елге деген махаббатты көрсететін патриоттық әндер шырқалып, қасиетті қара домбыраның үні талай жасқа рух берді.

Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған аталмыш іс-шара сәтті өтіп, баршамыздың көңілімізден шықты. Шара соңында естелік үшін суреттерге түсірілді.