Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың әскери кафедра оқытушылары студенттермен бірге «ҚР Тұңғыш Президенті күніне» орай онлайн конференция өткізді.
Конференцияны өткізудегі мақсат, студенттерге патриоттық тәрбие беріп, еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру. Сонымен қатар, білім алушылардың туған жердің тарихына қызығушылықтарын оятып, өз бетінше ізденулерін қадағалау және білімдерін жетілдіру. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық.