Жоғарғы оқу орындары студенттерін ғылыми жұмысқа ынталандыру, талантты жастарды іздеу, бітірушілердің дайындық сапасын арттыру мақсатында жыл сайын наурыз айында республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізіледі. Олимпиада – бұл студенттер үшін зияткерлік салада өз деңгейін тексеруге, кәсіби білімін, мүмкіндігін және өзін көрсетудің ең қолайлы жолы.
Команда қатысушылары іріктелген күндізігі турға өту үшін, балаларға бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми жобаны орындау керек болды. Барлық экономикалық мамандықтардың студенттері берілген тапсырманы табысты орындап шықты және IX Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың 2 турына шақырылды. «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша ұйымдастырушы «Нархоз Университеті» АҚ болды.(Алматы қ.).
Финалдық кезең командалардың инновациялық негіздегі презентациясымен, сонымен қатар тесттер, кейстер және тапсырмалармен қорытылды. Олимпиадалық сұрақтарға логикалық сипаттағы сұрақтар кірді, стандартты емес шешімдер талап етілді, сондай-ақ тапсырмалар күрделі жоғарғы деңгейде болды.
14 команда ішінен 5В050800 – Есеп және аудит мамандығы бойынша ҚР Білім және Ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломмен «Activ East» командасының құрамындағы студенттер: Базикенова Айгерім, Койчубаева Айгерім, Суворова Валерия марапатталды (ғылыми жетекшісі «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының э.ғ.к., доцент Козлова Марина Васильевна).
5В050900 – Қаржы мамандығы бойынша «Fin East» командасының құрамындағы студенттер: Кулеш Маргарита, Панкратова Татьяна, Ракишева Дана «Креативтік үшін» номинациясы бойынша марапатталды. (ғылыми жетекшісі «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының э.ғ.к., доцент Варавин Евгений Владимирович).
Біздің жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға оқулық, кәсіби және шығармашылық табыс тілейміз!
«Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасы