25 мамыр Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Жоғары жастар Парламенті мүшелерінің қатысуымен  «Сөзбен емес, іспен» қайырымдылық акциясы өтті.

 «Сөзбен емес, іспен» қайырымдылық акциясы – бұл Халықаралық балаларды қорғау күніне қарсаңына орай мүгедек-балаларға көмек көрсету бойынша университеттің дәстүрлі қайырымдылық акциясының жалғасы.

Негізгі мақсаты — оқытушыларға, студенттерге жасына, материалдық жағдайына қармастан әрбір адам жаны жабырқаулы жандарға көмек қолын созу керектігін жеткізу. Қайырымдылық сезімін әртүрлі жеткізуге болады. Біреулер қаржылай, біреулер уақытпен, бірлеулер – рухани көмектесе алады.

Атаулы акция екі блоктан тұрады. Акцияның бірінші бөлімі – қаржы жинау. Барлық жиналған қаржы  «Ульба» оңалту орталығындағы мүгедек-балаларға сыйлық алуға жұмсалады. Одан ары 1 маусым «Нүрлі жүректер» еріктілер отрядымен бірге мүгедек-балалар үшін естелік сыйлықтарды ұсынып  концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Қайырымдылық шарасында ат салысып, өз үлестерін қосқан барлығына алғысымызды білдіреміз !

Елена Будрина,
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму бойынша басқармасы