19 сәуір күні акт залында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ардагерлерінің   ҰОС жеңіс күніне және қалалық ардагерлер кеңесінің 30 жылдығына арналған шығармашылық концерт болып өтті.

Концертті ректордың міндетін атқарушы, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Олег Гавриленко ашты, ардаргелерге денсаулық және ұзақ өмір тіледі.  Сонымен қатар, концертте барлығына сәттілік тілеп Иван Денякин, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы да қатысты.

Шығармашылық концерт бұл жылы: «Ұрпақтар бірлігі» атты ұранмен өтті. Театрландырылған қойылымдар, әндер, билер, оқылған өлеңдер – барлығы керемет орындалды.  «Огонек», «Баллада о матери» атты соғыс туралы әндер және тағы да басқа әндер керемет толқыныспен орындалды. Концерт бағдарламасы еліміздің өткенімен, қазіргі күнімен және келешегімен байланысты болды. Концерт «Марш энтузиастов» әнімен ардагерлерден құралған хормен жабылды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі