Шығыс Қазақстан техникалық университеті студенттер үйінде өткен дөңгелек үстелде жастардың дінге деген көзқарасы мен қоғамдағы рухани және әлеуметтік өзгерістердің әсері талқыланды. Бұл шараның мақсаты — жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дінаралық келісімді нығайту және этникалық қатынастарда толеранттылықты қалыптастыру.
«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және этносаралық қатынастар саласында толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға №1 және №3 жатақхананың студенттері қатысты.
Кездесу тақырыбы: «Жастар және дін: рухани сенімдер мен қоғамның қазіргі заманғы сын-қатерлері арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?!»
Кездесуде қоғам дамуының қазіргі тенденциялары, олардың адамның рухани сеніміне әсері және жастар үшін қауіптілік дәрежесі туралы ақпарттар берілді.