11 сәуірде «Шет тілі» кафедрасында «Инновациалық процесстерді дамытуда әлеуметтік ғылымдардың және шет тілінің рөлі» деп аталатын тақырып бойынша шет тілінің апталығында конференция өтті. 1 және 2 курс студенттеі өздерінің баяндамаларын ағылшын және неміс тілдерінде қорғады. Осы конференцияға барлығы 41 студент қатысып, ал 16 студенттеріміз өздерінің презентацияларын қорғады.

Баяндамалардың барлығы маңызды және шығармашылық түрде өтті. 18-ВТК-1 тобының Динара Жеңісбекова және Сырым Бауыржанның «Developing programs for human-computer interaction (virtual reality and augmented reality)» атты презентациясы студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды, осы презентация виртуалды көзәйнек арқылы қорғалды.

Сондай-ақ, баяндамада қоршаған ортаны ластау, электрлік көлік құралдарын дамыту және оларға электронды қосымшалар, медицинадағы платформалар мен технологиялар туралы деректерді сақтау және пайдалану мәселелері қарастырылды.

Нақтылай кетсек, біздің студенттеріміздің презентациялары техникалық дизайнда стандартты емес тәсілмен жәнеде ерекше слайдтармен қызықтырды. Барлық студенттер жауапкершіліктерімен шығармашылықтарын дәлелдеді. Конференция қорытындысы:

Конференция қорытындысы:

Автордың аты-жөні (студенттің аты-жөні/топ) Ғылыми жетекші аты-жөні Мақаланың аты Әділ қазы шешімі
1 Нұрланов Қуандық, Құдайберген Сұлушаш  (18-ИСК-1) Бетимбаева И.Б.
преподаватель
INTERNET-PLATFORM AS A WORKPLACE FOR DATASTORAGE 1 санаттағы диплом
(1 орын)
2 Арғынбаев Медет, Каримханова Аиша (17-ТМК-1) СарсембаеваАрайлы Алибековна Доцент, к.п.н. NEUEAPPS FÜR ELEKTROMOBILE 2 санаттағы диплом
(2 орын)
3 Жеңісбеков Динар, Сырым Бауыржан (17-ВТК-1) Бетимбаева И.Б.
преподаватель
DEVELOPING PROGRAMS FOR HUMAN-COMPUTERINTERACTION (VIRTUAL REALITY AND AUGMENTED REALITY) 2 санаттағы диплом
(2 орын)
4 Жаманбалинова Амина Муратовна(18-ИС-1) Рахметкалиева М.Тпредподаватель HEALTH INFORMATION TECHNOLOGY IN MEDICALSCIENCE 3 санаттағы диплом
(3 орын)
5 Амангельдинова Дильназ Ериковна(18-ЭЛК-1) Калелова И.М. преподаватель THE IMPACT OF TRANSPORT ON THEENVIRONMENT 3 санаттағы диплом
(3 орын)

Ғылыми жетекшілер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз! Тек қана алға!

Шет тілдер кафедрасы