26 маусым 2020 ж. Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Эразмус халықаралық жобасы аясында «Өтпелі экономикалы елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпкерлікті басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу (MIETC)» Online Info Day өтті.
Жоба Қазақстан, Түрікменстан және Тәжікстанның жекелеген жоғары оқу орындарында өнеркәсіптік кәсіпкерлік бойынша магистрлік бағдарламаны дамытуға, университеттің еңбек нарығымен байланысын нығайтуға бағытталған. Жобаны іске асыру шеңберінде серіктестер өнеркәсіптік секторлардағы дағдылардың тапшылығы мен сәйкессіздігін анықтау үшін нарық қажеттіліктерін талдауды қолданады.
Іс-шараға ШҚМТУ студенттері мен магистранттары, сондай-ақ қаланың келесі кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты: ШҚО Білім басқармасының «ШҚО Кәсіптік оқыту орталығы» КММ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Қазмырыш» ЖШС, «Багратион Ұлан» ЖШС, «ВНИИцветмет» ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық орталығының» ШЖҚ РМК филиалы.