1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Д. Серікбаев атындағы Жоғары ІТ колледжінде студенттер үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік көңіл күй колледж табалдырығынан басталды. Студенттерді көтеріңкі әуенмен қарсы алып, түрлі қызықты ойындар мен белсенді шаралар өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар сергіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын ойындарға қатысып, мерекелік атмосфераны сезінді.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жағымды эмоциялар сыйлау, достық қарым-қатынасты нығайту және мерекелік көңіл күй қалыптастыру. Қатысушылар белсенділік танытып, ойындарға қызығушылықпен қатысып, жарқын әсерлерге бөленді.
Балаларды қорғау күні – әрбір баланың бақытты өмір сүруге, білім алуға және өз армандарына қол жеткізуге құқығы бар екенін еске салатын ерекше мереке. Осы мереке аясында ұйымдастырылған шара студенттерге қуаныш сыйлап, оқу күніне ерекше көңіл күймен бастауға мүмкіндік берді.
Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалық шақтың жарқын естеліктері әрдайым жүректеріңізде сақталсын!
Д. Серікбаев атындағы Жоғары ІТ колледжі
Тәрбие жұмысы бөлімі

