Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратының мәжіліс залында Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағының (БЛКЖО) 100 жылдығына арналған жастар істері Комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының ШҚҚФ-ның бірінші орынбасары Майраш Екибасова, педагогика кафедрасының профессоры, кейіннен С. Аманжолов ат. ШҚМУ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ленста Әубәкірова бұрынғы комсомдық белсенділер Алексеев Александр мен Бородаев Николай қатысты. Кездесу барысында аға ұрпақ жастармен тәжірибе алмасты. Тыңдармандар алдында сөлеген сөзінде қонақтар сол жылдарда қандай іспен айналысқандары туралы және бұл әрекеттің кейінгі өмірде қалай көмектескені туралы әңгімеледі.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі