«Менің Арманым» конкурсының іріктеу кезеңінің екінші күні тренингтер мен жобалар бойынша жұмыстардан бастау алды. ҚР БҒМ қарасты Басқарма Өкілдігі бөлімі басшысы Бақытгүл Қасымова өз тәжірибесімен бөлісіп, университет студенттерімен сұхбат өткізді. Сондай-ақ ҚР БҒМ жауапты хатшысы Арын Орсариев қатысушыларға құттықтау сөзін жеткізді. ШҚМТУ студенттері қызықты идеяларымен бөлісіп, менторлармен бірлесе «Канвас» бизнес-моделі бойынша жұмыс істеп, питч-презентациялар жасады. Қатысушылар медицина, IT технологиялар және ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде жобалар ұсынды. 11 ақпанда іріктеу кезеңінің ресми жабылып, конкурс нәтижелері хабарланатынын атап өткен жөн.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі