Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды "Жалпыұлттық аза тұту күні" деп жариялады.
"Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз", - деді Мемлекет басшысы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып барғанда.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Абай облысындағы орман өрті салдарынан қаза тапқандардың отбасына және туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.