Құрметті қаржы саласының қызметкерлері! Барлықтарыңызды Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген күнімен орайлас келген Қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Биыл ұлттық валютамыз - теңгенің қаржы нарығында айналымға енгеніне сонау 1993 жылдан бастап 30 жыл толып отыр. Теңге - Қазақстанның егемендігін айғақтайтын маңызды атрибуттың бірі.
Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі тегін емес. Олар ұлттық валютамызбен тікелей жұмыс істеп, оның айналымын ұдайы қадағалап отырады
Қаржы саласының қызметкерлері еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!

Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге әлемдегі ең үздік валюта деп танылған. Теңгенің түрлі купюрасы үздік дизайн мен жоғары сапасы үшін түрлі марапатқа ие болды. Айта кетейік, қазақстандық теңге - әлемде қолдан жасаудан ерекше қорғалған валюталардың бірі болып табылады.