Балалар — өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың күлкісі, тәтті ұйқысы мен алаңсыз балалық шағы біз үшін қымбат. Осы орайда, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Happy Land EKTU атты мерекелік шара Шығыс Қазақстан техникалық университетінің маңында кең көлемде құлаш жая ерекше ынтамен өткізілді.

Университет қызметкерлері мен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған «Болашақ капиталы» жобасы аясындағы мерекелік фестивальге 1-12 жас аралығындағы кішкентай бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары шақырылды. Мерекелік бағдарлама балғындардың көңілінен шықпай қоймады.

Университет ұйымдастырған шара барысында «Балалар Party» атты көңілді ойын бағдарламасына негізделіп, «Лапа-Достық» байланыс хайуанаттар бағы балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Мерекенің барлық қонақтары мақта кәмпиттермен сусындаса, «Көпіршіктер фабрикасы» алай көпіршіктер шоуымен есте қалды. Сонымен қатар, үлкен басқатырғыштар «ПазлПолис», спорттық ойындар «Мақсатқа жету», караоке айдарындағы «Әнші арал» және алып ауа жастықтарының шоуы «Жастық Party» сияқты бағдарламалар балалардың шексіз қуанышын арттыра түсті.

Бұл мереке балалардың шат шадыман күлкісін естіп, олардың бақыты мен қауіпсіздігіне көңіл бөлуге бағытталған жылы әрі есте қаларлық іс-шара болды. Университет ұжымы мен демеушілер мерекелік көңіл күйді жандындарғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

  Барлық фотосуреттер