Құжаттарды қабылдау және тіркеу 2025 жылғы 25 шілдеден бастап 31 тамызға дейін жүзеге асырылады. Электрондық өтінімді келесі сайтта көрсетілген мерзімде толтыру қажет: https://grant.kazenergy.com/
Конкурсқа қатысу шарттары:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- Жоғары оқу орнына шартсыз қабылданған немесе оқып жатқан студент болуы (қаржылық берешектің болмауы қажет);
- академиялық үлгерімі келесі көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс:
- ҰБТ сертификаты бойынша ең кемі 80 балл (максималды 140 баллдан);
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттарының шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша:
- ҰБТ сертификаты бойынша кемінде 15 балл (максималды 30 баллдан), және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 65 балл (максималды 100 баллдан);
Қысқартылған оқу мерзімімен немесе профильдік магистратураға түскендер үшін:
- ҰБТ сертификаты бойынша кемінде 40 балл (максималды 70 баллдан);
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түскендер үшін:
- КТ сертификаты бойынша кемінде 90 балл (максималды 150 баллдан);
- Бакалавриаттың 1-курсына түсетін үміткерлер үшін диплом бойынша орташа балл кемінде 4,0 (максималды 5,0);
- Бакалавриаттың 1-курсын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,0 (B);
- Бакалавриаттың 2–3 курсын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,33 (B+);
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар үшін GPA кемінде 3,33 (B+).
Қажетті құжаттар тізімі:
- Жеке куәліктің/туу туралы куәліктің көшірмесі;
- Бұрын алған білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- Келесі санаттардың бірін (немесе бірнешеуін) растайтын құжат (бар болған жағдайда): көпбалалы, аз қамтылған немесе толық емес отбасы, жетім бала (балалар), мүгедектігі бар тұлға;
- Оқуға қабылданғаны/оқып жатқаны туралы анықтама (мыналар көрсетілуі қажет: заңды тұлғалар арқылы төленетін бір оқу жылының ақысы, курсы мен оқу түрі, қаржылық берешектің жоқтығы) оқу орнының ресми бланкісінде қол қойылып, мөрмен бекітілуі тиіс.