Қазақстан Республикасындағы «Балалар жылы» аясында, 26 қараша күні қалалық «ІТ-хакатон» байқауы басталып, өз мәресіне жетті.

Хакатон "Шығыс" өңірлік әдістемелік орталығының, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің және Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы қолдауымен Өскемен қалалық "Білім-Инновация" лицейі ұйымдастырылды.

Хакатон күндері аясында еліміздің IT саласындағы жетекші мамандармен дәрістер мен әңгімелер өткізді.

Байқауға Өскемен қаласының 120-дан астам оқушылары қатысты.

Жас ақыл иелері жалпы техникалық тапсырмаға сәйкес сайт ашу және мобильді құрылғыларға қосымша жасау бойынша ашық сайысқа түсті. Әділ қазылар алқасына өз жұмыстарын таныстыра отырып, финалға 5 команда өтті.

Хакатон қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіске жетті:

  • 1 орын: «ZeroTwo» (Өскемен қалалық НЗМ)
  • 2 орын: «WENOMECHAINSAMA», «Bite Kids», «ОСШЛМФИ», «Team Spirit»
  • 3 орын: «4PDA», «Light_dv», «Три кота», «Нитроглицерин», «White and black», «MindBox», «ATA», «Барыс», «NCS», «Python».
  • «IT-хакатон» қатысушыларының барлығы арнайы сертификаттармен марапатталды.

Университет атынан барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындырып, алдағы сайыстарда тек сәттілік пен жеңіс тілейміз!