Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті 2016 жылғы желтоқсандағы аудит және тексеру қорытындысы бойынша «QS Stars» халықаралық рейтинг жүйесінің аясында QS 3 жұлдызға ие болды.

Тәуелсіз аудит біздің университетті оқыту сапасы, жұмысқа орналастыруы  және инновациялық қызметі жағынан «жұлдызды» деп тапты.

Әлем бойынша 58 ЖОО QS Stars 3 жұлдызына ие, соның ішінде 3 британиялық университет, 3 австриялық университет, 2 түрік, 6 ресейлік университет

QSStars- QS Stars University Ratings халықаралық рейтингісі құрылатын білім және ғылыми-зерттеу жұмыстарында рейтингтік көрсеткіштерді анықтау үшін QS Quacquarelli Symonds компаниясының индикаторлар жүйесі. Бұл рейтинг оқу орнының әржақты бағасын максималды алуға мүмкіндік береді: түлектердің жұмысқа орналасуы, білім сапасы мен ғылыми зерттеулердің оқу орнының спорттық және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтылуы бойынша.

Өткізілген QS Stars аудиты ЖОО-ларды 80 категорияда 50 әртүрлі көрсеткіштер бойынша бағалайды.  Әр категорияда ЖОО-на 1 ден5-ке дейін жұлдыз беріледі, ал жалпы ұпай саны бойынша қорытынды жалпы рейтинг беріледі.  Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бағасы жекелеген критерийлер бойынша : оқыту — 5, түлектерді жұмысқа орналастыру  — 5, инновация — 5, инфрақұрылым — 2, әлеуметтік жауапкершілік — 1, зерттеу — 1, жаратылыстану ғылымдары — 1.

Осы уақытқа дейін Қазақстандық ЖОО-лар арасында 1 университет ғана QS 3 жұлдызына ие болған – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 4 ЖОО QS Stars  екі жұлдызына ие: Инновациялық евразиялық университет, Карағанды экономикалық университеті, Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті .

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ –дың «Жұлдызды» табысы «QS Stars»  рейтингтік көрсеткіштерін анықтау үшін білім және ғылыми-зерттеу жұмыстарының анализі бойынша- ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары кәсібилігін халықаралық деңгейде екендігін, түлектердің жоғары қажеттілігі мен ЖОО-ның динамикалық дамуына талпынуын мойындау және тәуелсіз бағалау . Өткізілген «QS Stars» аудиты даму нүктесін, ары қарай дамудың потенциалын көрсетті, сонымен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ алдында 3 жыл ішінде университеттердің QS World University Rankings  әлемдік рейтингтер тізіміне кіру үшін жаңа тапсырмалар мен мақсаттар тұр.