2020 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға "СЕРПІН - 2050" бағдарламасы бойынша 400 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - оңтүстік өңірлерден шыққан жастарды кадр тапшылығы бар облыстарда оқытып, жұмысқа орналастыру.

"СЕРПІН-2050" бағдарламасы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға түскен талапкерлер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, оларға оқуды тәмәмдаған соң жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Университет өз студенттеріне оңтайлы жағдай жасауда. ЖОО-да заманауи оқу аудиториялары мен ғылыми зертханалары, 5 млн. астам кітап қоры бар кітапхана, спорт залы, Бұқтырма су қоймасының жағасындағы жазғы экспедициялық кампус, әскери кафедра бар.

IQAA білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің зерттеу нәтижесі бойынша 2020 жылы ШҚТУ еліміздің үздік техникалық университеттердің бестігіне енді!

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті - бұл сенімді және кәсіби болашаққа жолдама!