Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті дәстүрлі "Ақылды Awards 2020" конкурсын ұйымдастырды.

Сайыс дарынды оқушылардың мәртебесін көтеруге, өңірден талантты жастардың көрші елдерге ағылуын тоқтатуға бағытталған. Биыл "Ақылды Awards 2020-ға" Үржар, Тарбағатай, Зайсан, Шемонаиха, Абай, Ұлан аудандары, Алтай және Өскемен қалаларының оқушылары қатысты.

11 қатысушы лауреат атанды. Олар "Жер Елшісі", "Жасыл энергетика", "Алға, IT-технологияларға!", "Мен креативті дизайнермін" және "Бизнес forever!» номинациялары бойынша бейнероликтер дайындады. Онлайн дауыс беру арқылы 5 мектеп түлегі: Шынар Қадырхан, Аружан Асланова, Жанбота Мазулина, Алина Горбулина және Нейла Самат іріктеліп, грант иегерлері атанды.

Сонымен қатар, "Жас талап" - үздік ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы марапатталды. Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицейінің 11 сынып оқушысы – Александр Горлочев жеңімпаз атанды. “Паскаль ұлуын зерттеу” жобасын ұсынған ол ШҚМТУ ректоры грантын ұтып алды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!