Құрметті білім алушылар, қызметкерлер мен серіктестер!
Сіздермен керемет жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз!
2025 жылы 2 маусымда Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығында (САААЕ) Аккредитациялық кеңесінің отырысы өтті.
Ұлттық Аккредиттеу Кеңесі агенттігі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 6 білім беру бағдарламасын аккредиттеді:
7 жыл мерзімге:
- 6В04104 Кәсіпорындағы есеп, талдау және аудит
- 6В04106 Ғылыми сыйымдылығы жоғары кәсіпорындардың қаржысын басқару
- 7М04106 Кәсіпорындарда есеп және аудит
- 7М08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы
3 жыл мерзімге:
- 7М04112 MBA Жобаларды басқару
- 7М07109 Медициналық инжиниринг (Медициналық техника)
Университет ұжымын, аталған білім беру бағдарламаларының жетекшілерін және профессорлық-оқытушылық құрамды халықаралық аккредитациядан сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табысты дамуды және шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы