1947 жылдың 25 қыркүйегінде алғашқы электролитті мырыш алынды. Осылайша еліміздегі, ТМД елдеріндегі ең алып компания «Қазмырыштың» тарихы басталды.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен тығыз байланыс орнатып, түлектерімізге төрінен орын беріп келе жатқан «Қазмырыш» компаниясын және ұжымын мерейлі тойымен құттықтаймыз!

Ұрпақтар сабақтастығымен өркендеп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін абыроймен атқарып келе жатқан компанияға тек табыстар, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктер тілейміз!