Биыл Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне 80 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жоғары IT – колледжі оқытушылары мен университет әкімшілігінің қатысуымен мерекелік жиналыс өтті.

Бірінші проректор Сәуле Рахметтулина еңбегі сіңген мамандарды мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша мемлекет тиімді әрі бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үшін елде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту процесі басталған еді.

2020-2021 оқу жылында жоғары IT – колледжге 159 студент іштей, 14-і сырттай оқу бөліміне түсті. Сондай-ақ, он бітіруші студент білімін жалғастыру мақсатында құжаттарын Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға тапсырған.

Бұдан бөлек, іс-шараға қатысушылар колледждің даму мәселелері мен алдағы жоспарларын талқылады.