2020 жылдың 22 қаңтарында Оралхан Бөкей атындағы Өскемен қалалық балалар кітапханасында Қазақстан ресбубликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талдауға арналған дөңгелек үстел өтті. Аталған шара облыстың, қаланың танымал мәдениет қайраткерлерінің, зиялы қауымның және қала оқу орындарының оқытушылары мен қоғамдық шараларда белсенді қала жастарының қатысуымен болды.
Дөңгелек үстел Президентіміздің халыққа жолдаған мақаласының маңыздылығын, бүгінгі қоғамда алатын орнын айқындап, Абай Құнанбаевтың ұлттық, әлемдік деңгейдегі биік тұлға екендігін атап өтті. Аталмыш шараны бүкіл Қазақстанға белгілі азамат, Өскемен қаласының мәдениет бөлімінің басшысы – Қалқаман Сарин жүргізді. Сондай-ақ, облыс көлеміне танымал мәдениет қайраткерлері Қ. Алтыбаев, О. Елубай, Б. Мұхтарханқызы және т.б. тұлғалардың пікірлері тыңдалды.
Бұл қоғамдық-мәдени шараға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушылары Н. Қасен, Г. Капасова Г, А. Урюстюмова қатысты. Дөңгелек үстелдің нәтижесінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылған ойларды, жоспарларды ел болып тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бастамалары айтылды.
А. Урюстюмова
«Қазақстан тарихы және саяси әлеуметтік пәндер» кафедрасының оқытушысы