ASIIN (Дюссельдорф, Германия) машина жасау, архитектура, табиғи ғылымдар және математика білім беру бағдарламаларын аккредитациялау жөніндегі агенттіктің бір топ сарапшылары мамырдың басында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға жұмыс сапарымен келді. Үш күн бойы олар 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» және 6М070200 «Автоматтандыру және басқару» білім беру жобаларының сапасын саралап, баға берді.

Сарапшылар білім беру жобалары жөніндегі нормативтік және ұйымдастыру-методикалық құжаттарды, пәндердің жұмыс бағдарламаларын, оқу-методикалық кешендерді және басқа материалдарды тексерді. Комиссия мүшелері ШҚМТУ-дың «Іргетас», «Энергия» зертханалары мен дәрісханаларын аралап, студенттік «Бастау» ғылыми-зерттеу орталығында,  «Үлкен Алтай» ғылыми-зерттеу мұражай зертханасында болды.

Жұмыс қорытындысында университет басшылығымен кездесіп, комиссия атқарған жұмыспен таныстырды, сондай-ақ өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Бұл шараның соңғы сатысында аудиттің нәтижелері талқыланып, ASIIN аккредитациялық кеңесі бағдарламаларды бағалау жөнінде шешім шығарады.